+7 (727) 267-28-83

Кітапханатану. Библиография. Кітаптану: мақалалар жинағы /ҚР ҰК. - 20-шы шығ. - Алматы, 2008. - 245 б. - Қаз., орыс тілдерінде.

Жинақта ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорын толықтыру, оқырмандарға қызмет көрсету мәселелері, сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының қалыптасу тарихы қамтылған. Сонымен қатар кітапханатанушы, библиограф, тарих ғылымының докторы, профессор В.З.Галиевтің 70 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік оку материалдары берілген.

Кітапханатану. Библиография. Кітаптану: мақалалар жинағы /ҚР ҰК.- 19-шы шығ. - Алматы, 2008. - 197 б. - Қаз., орыс тілдерінде.

2007 жылдың 14-16 қарашасы аралығында Шымкент қаласында Қазақстанның жетінші «Кітапханалық астана» форумы өтті. Форум аясында «Кітап және Ұлы Жібек жолы» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Пленарлық мәжілісте Ұлы Жібек жолының ролі мен тарихы, қазақ баспа кітабы мен мұраларын сақтаудағы кітапханалардың жұмысы туралы қызықты баяндамалар оқылды. Конференцияға қатысушылар Ұлы Жібек жолының рухани дәстүрлеріне мұрагер болу, осы жолда кітап пен кітапхананың ролін одан әрі арттыру, зерттеу қажеттігін атап көрсетті. Ұсынылып отырған жинаққа осы конференцияда жасалған баяндамалар мен хабарламалар енді. Басылым ғылыми қызметкерлерге, кітапхана ісінің мамандарына, кітапханалық оқу орындарының дәріскерлері мен студенттеріне арналған.

Сайтта

Қазір сайтта 313 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.