+7 (727) 267-28-83

Қазақстан Республикасының мекемелері, ұйымдары және көрнекті қайраткерлері мерейтойларының күнтізбесі – 2008 жыл /ҚР ҰК; Құраст.: Ш.Үсенбаева. - Алматы, 2007. - 80 б. -  Қаз. тілінде.

Күнтізбеге жалпыхалықтық мәдени маңызы бар оқиғалар мен республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтойлық күндері, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген. Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер мен мекемелер тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде негізінен соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көмекші құрал ретінде есімдердің көрсеткіші берілген. Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқырмандарға арналады.

  

Сайтта

Қазір сайтта 270 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.