+7 (727) 267-28-83

«XXI ғасырдағы Еуразиялық. Шығыс-Батыс: кітапханалардың электрондық  ынтымақтастығы»  тақырыбындағы  Қазақстан-Ресей семинарының қарары

                                                                                                            7 желтоқсан 2002 ж.

  «XXI ғасырдағы Еуразиялық. Шығыс-Батыс: кітапханалардың электрондық ынтымақтастығы» Қазақстан-Ресей семинарына қатысушылар бүгінгі кітапханалардың даму мәселелерін талқыға сала отырып, мынадай жайларды атап өтті:

1.    Қазақстан мен Ресейдің мәдени-рухани интеграциясы ортақ геоэтникалық, тарихи және демографиялық алғышарттарға негізделген;

2.    Қазіргі заманғы кітапханалардың гуманитарлық парадигмасы/үлгісі оның мәдениеттанушылық құрамдастығы болып табылады;

3.  Кітапханалық-библиографиялық ақпараттық өлкетанулық ресурстары бірден-бір ерекше ақпараттық өнім болып табылады және мәдениет алмастыру негізін құрайды;

4.  Қазақстан және Ресей кітапханалары ынтымақтастығының негізінде Ресей мен Қазақстан халықтарының ортақ тарихы мен тағдырының темірқазығы болып табылатын еуразиялық идея жатыр;

Семинарға қатысушылар:

1.    Қазақстан-Ресей халықтары үшін тарихи және мәдени ақпараттардың ортақ қолжетімділігін және мәдениеттер тоғыстырылатын толерантты орта қалыптастыру мақсатында Қазақстан – Ресей бірлескен электрондық кітапханасын құру;

2.   С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына және А.С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына (Ресей) Ресей  және Қазақстан Ұлттық кітапханаларының, мемлекеттік және жергілікті басқару мекемелерінің қолдауымен электрондық кітапханаларды енгізу, қолданыста бар және құрастырылатын дерек қорлар мен технологияларды, ақпараттық ресурстарды интеграциялауды құру және бастау тапсырылсын.

3.   Модельді электрондық кітапханалар және кесте бойынша технологияларды  енгізу  жөніндегі ҚР ¥лттық кітапханасы мен   Ресей мемлекеттік кітапханасы арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуы: Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстары, ары қарай-осы  мемлекеттердің  территрияларында кезең-кезеңмен жүзеге асыру;

4.   С.Мұқанов атындағы Солтүстік-Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына және А.С. Пушкин атындағы Омбы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына (Ресей) электрондық кітапхананың модельді жобасын кезең-кезеңмен  жүзеге асыру тәжірибесін жинақтап, қорытып тарату және оны 2003 жылы мамыр айында Қазақстан кітапханаларының астанасы болып белгіленген Павлодар қаласында өтетін ғылыми конференцияда баяндау тапсырылсын.

5.    Қабылдансын:

  «XXI ғасырдағы еуразиялық. Ресей-Қазақстан: ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру» мемлекетаралық жобасының тұжырымдамасы және техникалық-экономикалық негіздемесі;

   «XXI ғасырдағы еуразиялық. Ресей-Қазақстан: жалпы ақпараттық кеңістік қалыптастыру» мемлекетаралық жобасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар  жоспары;

   Негізге алынды – Ресей-Қазақстандық Интернет-ресурс қалыптастыру және оны дамыту саласындағы  кітапханаралық ыңтымақтастық туралы Келісім жобасы;

    Қарар «XXI ғасырдағы еуразиялық. Шығыс-Батыс: кітапханалардың электрондық ынтымақтастығы» Қазақстан-Ресей семинарына қатысушылармен  қабылданды.

Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, 7 желтоқсан, 2002 ж.

«Қазақстан–Ресей : мәдениеттер диалогы» семинар-кеңесінің ұсыныстары

(«Шекарадағы кездесулер» мегажобасын жүзеге асыру аясында)

          Алматы қаласы,

22-23 желтоқсан 2006 ж.

    «Шекарадағы кездесулер» жобасының мақсаты Интернетте Ресей мен Қазақстан халықтарының мәдени-тарихи байланыстарын айқындайтын еркін қолжетімді электрондық топтамаларды қалыптастыру және орналастыру.

  Жоба жаңа қатысушылармен толығуда және екі жақты форматтан «¥лы Жібек жолындағы Керуен сарай» атты көп жақты жобаға өтуде. Тұжырымдамасы – ақпараттық магистральдің байланыстырушы буыны «Мәскеу-Алматы-Дели» болып табылатын «Еуропа-Азия» кітапханалық ендік аясындағы ынтымақтастықты кеңейту.

  Семинарға қатысушылар кітапханалардың бүгінгі таңдағы даму мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-рухани интеграция ортақ  геоэтникалық, тарихи және демографиялық алғышарттар-мен қамтамасыз етілгені айтылды. Қазақстан мен Ресей кітапханалары ынтымақтастығының  негізінде Ресей мен Қазақстан халықтарының тарихы мен тағдырының ортақтығы болып табылатын еуразиялық идея жатыр. Жоба ұлтаралық қарым-қатынас диалогтың  дамуы мен нығаюына ықпал етуге дайын, көпжақты байланысқа және электрондық топтамалар жасауға мүдделілік танытқан  барлық қатысушылар үшін  ашық.

    «Ресей мен Қазақстанның шекаралас облыстарындағы кітапханалардың ақпараттық  ресурстары» тақырыбындағы дөңгелек үстел қорытындысы «Шекарадағы кездесулер» жобасы жөніндегі Келісімге бірігу туралы хаттамаларға қол қою болды. Сайт құрастырылды. Жоба бойынша Омбы, Петропавл, ҚР ¥лттық кітапханасынан тиісті материалдар жинақталды.

   ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры М.О.Әуезов: «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» жобасына Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерінің қосылады, осылайша, бұл жоба Еуропаны, Азияны және Орталық Азияны байланыстырады. Қазақстан  бұл жобаны байланыстырушы ел болуға тиіс»,-  екенін атап өтті.

    Тәжікстан Ұлттық кітапханасының директоры Ш.К. Тошев бұл жобаның Еуразия Кітапханалары Ассоциациясының  (ары қарай, ЕКА-ның) бір бөлігі болуын, сондай-ақ осы жобаны Еуразия Кітапханалары Ассоциациясының жоспарына қосуды ұсынды.

«DELNET» Қорды бөліп отыратын және кітапхана жүйесін дамыту орталығы

    Дельнеттің негізгі мақсаты – қорлардың бөлінуін мүше кітапханалар арасында ақпарат жинақтау, сақтау және тарату жолымен пайдаланушылар үшін жүйелік қызмет көрсету арқылы дамыту; ақпараттық ғылым және технологиялар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, зерттеулер нәтижелерін қолданып отыру; мүше кітапханаларға ақпаратты жинау, сақтау және тарату үшін техникалық басқаруды ұсыну; күш-жігерді топтамаларды ыңғайлы дамыту үшін үйлестіру және мүмкін болған жерде басы артық қосарласуды азайту; құжаттарды қолмен немесе механикалық жолмен жеткізуді мүмкін ету және дамыта түсу және т.б. 

Ресурстар:

1. Жиынтық каталогтар мен дерек қорлар. Дельнет 60-тан астам лакхав құжаттарды – кітаптар, мерзімді басылымдар, мақалалар, бейне-жазбалар, тезистер және диссертациялар, аудиотоптамалар және басқа да дерек қорларға қолжетімділікті ұсынады және осылардың барлығына әлемдік деңгейде Дүниежүзілік ғаламтор арқылы қолжетімдімділікті қамтамасыз етеді. Дельнеттің орталық сервері 11 mbps RҒ NIC байланысы арқылы қосылған. Дельнетке тіркелген кез-келген пайдаланушы өзіне жеке бекітілген  логин мен парол арқылы жер шарының кез-келген жерінен осы осы дереккөздер бойынша іздестіру жасай алады. Қазіргі таңда  Дельнетке  1053 кітапхана мүше.

 Шешім

1.   Азия, Орталық Азия, Қазақстан және Ресей кітапханалары арасындағы көпжақты байланыстармен  Еуропа елдері кітапханаларына шығу арқылы дамытылсын.

2.   Кітапханалық сайттар, порталдар, электрондық кітапханалар құру туралы бірегей Интернет шешім қабылдансын.

3. Ресей-Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер» жобасының жаңа қатысушылары Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және РФ-ның облыстық кітапханалары (Алтай Республикасы, Астрахань, Новосибирь) және Қазақстан (Қарағанды, Атырау, Қостанай облыстары) арасындағы Келісімдер  Ұлттық кітапханалармен келісілсін және қол қойылсын.

4. 2007-2010 жылдарға арналған «Ұлы Жібек жолындағы Керуен сарай» мегажобасының Тұжырымдамасы және техникалық-экономикалық негіздемесі жасалсын (ҚР ҰК).

5. 2007-2010 жылдарға арналған «Ұлы жібек жолындағы Керуен сарай» мегажобасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалып, талқылансын (Орталық Азия елдерінің Ұлттық кітапханалары, РМК, ҚР ҰК, DELNET).

6. ЕКА Мемлекеттік емес ұйымынан  Ресей-Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер» мегажобасының ауқымын «Ұлы Жібек жолындағы Керуен сарай» атауымен кеңейту және осы ұйымның жоспарына енгізу сұралсын.

7. Ақпараттық ресурстар ЕКА арқылы Еуразия кеңістігінде біріктірілсін.