+7 (727) 267-28-83

   11-17 тамыз 2012 жылы  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас  директоры, Еуразия кітапханалық қауымдастығының вице-президенті (БАЕ) Балабекова Г.Қ. ИФЛА Кеңесінің 78-ші Бас  конференциясы және Ұлттық кітапханалар директорларының конференциясы (Хельсинки, Финляндия) жұмысына қатысты.

   Конференция тақырыбы «Бүгінгі кітапханалар! Рухтандырушы… таңдандырушы… күш-қуат сыйлаушы…». Іс-шаралар бағдарламасында конгреске дейінгі және конгрестен кейінгі ашық сессиялар, семинарлар, көрмелер, плакаттық сессиялар және сателлиттік (серіктестік) кездесулер қамтылған. Конференця аясында «Кітапханалық топтамалар», «Кітапханалық қызметтер», «Сандық ғасырдағы сирек және арнайы топтамалар маркетингі», «Библиографиялық мәліметтер форматтарының жаңа болашағы» және басқа тақырыптар бойынша пікір алмасулар өтті. Сонымен қатар, кітапханалық материалдардың, дыбыстық-бейнелік құрал-жабдықтардың, компьютерлік жүйелердің, кітапханалық және баспалық құрал-жабдықтардың жыл сайынғы көрмесі ұйымдастырылды.

   ИФЛА президенті Ингрид Парент «Кітапханалар бүгін және ертең: өзгермелі қоғамды өзгертудің  қозғаушы күші?» тақырыбына сөз сөйледі. Қоғам көптеген сыртқы факторлар әсерінен өзгереді және трансформацияланады, жекелей  алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізу және пайдалану, жалпы демократиялық қозғалыстар, мультимәдениеттілік және мәдени тоғысулар, хал-ахуалдылықты жақсартудың экономикалық міндеттерін  кеңінен тарату және пайдалану.  Мәжілістерде бүгінгі таңдағы қоғам қалайша өзгереді және қоғамның трансформациялануындағы кітапханалардың ролі болашақта сандық  ақпаратқа қол жеткізуді демократияландыруға  әсер ете ала ма деген мәселелер  талқыланды.

  11 тамыз 2012 жылы Конгресс бағдарламасы аясында ИФЛА конференциясының ресми ашылуы алдында дәстүр бойынша Еуразия кітапханалық қауымдастығымен ұйымдастырылған ТМД елдерінің делегаттары үшін  (Caucus CIS) Аймақтық мәжіліс өтті.  Мәжілісті ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры, БАЕ вице-президенті Г.Қ.Балабекова жүргізді. Күн тәртібінде: «Кітапханалардың құқықтық аясы». Мәжілісте (коukas) Ресей Мемлекеттік көпшілік ғылыми-техникалық кітапханасының бас директоры Я.Л.Шрайберг, Ресей Мемлекеттік кітапханасы бас директорының орынбасары Л.Н.Тихонова, Ресей Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасары И.Л.Линден сөз сөйледі. Мәжіліс тақырыбы және кітапхана қызметі жөніндегі басқа да мәселелер бойынша пікір алмасулар өтті.

   13 тамыз 2012 жылы Ұлттық кітапханалар директорларының жыл сайынғы конференциясы (CDNL) өтті және оған ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, БАЕ вице-президенті Г.Қ.Балабекова қатысты. Конференцияда әлемнің жетекші ұлттық кітапханаларының директорлары ұлттық кітапханаларды дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

   Конференция жұмысы және Конгресс жаңалықтары туралы толық ақпараттарға, мәжіліс  материалдарына (соның ішінде орыс тілінде), интервьюлерге, фотографияларға, бейне жазбаларына, блогтарға және т.б. Интернет желісі арқылы «ИФЛА–2012  интерактивті режимде»  қол жеткізуге болады.