+7 (727) 267-28-83

  2013 жылғы 16 тамызда Сингапурде  жыл сайынғы  ИФЛА конференциясы  болып өтті.  Конференцияның жалпы тақырыбы - "Болашақ кітапханалар: Шексіз мүмкіндіктер"  жаңа технологияларды және өзге де кітапханалық инновацияларды пайдалану негізінде заманауи кітапханалардың даму келешегіне жарқын көзқарасты байқатады. «Caucus CIS» бойынша  ИФЛА-ның  Тұрақты комиссиясының  кеңейтілген мәжілісінде ҚР Ұлттық кітапхананың Бас директоры Г.К.Балабекова "Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  халықаралық қызметі" тақырыбында баяндама жасады. 
   Сондай-ақ Конференцияда ИФЛА-ның  2013-2015 жж.  жаңа президентін сайлау өткізілді - оған Синикка Сипила (Sinikka Sipilä)  ханым сайланды.
   Конгресс жұмысы мен жаңалықтары туралы  толығырақ ақпаратты (орыс тілінде қоса),  сұхбаттар, суреттер, бейнекөріністер, блогтар және т.б мәжіліс материаларын Интернеттегі «ИФЛА 2013 в интерактивном режиме»  желісінен алуға болады.

Сайтта

Қазір сайтта 245 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.