+7 (727) 267-28-83

   2015 жылғы 14 тамызда Бүкіләлемдік кітапханалық және ақпараттық Конгресі: ИФЛА-ның 81-ші Бас Конференциясы Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өз жұмысын бастады.

   Конференцияның жалпы тақырыбы: «Динамикалық кітапханалар: Қолжетімділік. Даму және Түрлену», қазіргі кезеңдегі кітапханалардың жаңа технологияларды және басқа да кітапханалық инновацияларды пайдалану негізінде даму келешегіне оптимистік көзқарасты көрсету. Конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры – Әлібек Асқар  қатысты.

  15 тамыз күні, Конгрестің ашылу қарсаңында ТМД елдері делегаттарының Жиналысы болды. Конгрестің салтанатты ашылу рәсімінде ИФЛА президенті Синикка Сипиля: конференцияның «Динамикалық кітапханалар: Қолжетімділік. Даму және Түрлену» тақырыбының кедейшілікті, сауатсыздықты, жұмыссыздықты және ақпараттық жетіспеушілікті азайтудағы, әсіресе балалық шақтағы даму кезеңінде, жастарға қызмет көрсетуде, әйел денсаулығы мен жергілікті экономиканың дамуы саласында өзінің рөлін көрсету үшін кітапханаға азаматтық қоғаммен бірге жұмыс істеуі қажет аймақтардағы демократияны нығайту үшін сыни маңызы бар деп атап көрсетті. Конференция тақырыбы менің «Мықты кітапханалар – мықты қоғамдар» Президенттік тақырыбыммен тығыз байланысты. Конгресс-орталықтың аумағында Малайзия, Катар, Оңтүстік Африка ұлттық кітапханаларының стендтері, сондай-ақ, халықаралық және ұлттық коммерциялық ұйымдардың үлкен шоғыры ұсынылған көрме жұмыс істеді. Конференция барысында ИФЛА штаб-пәтері жетекшілерінің, әртүрлі елдер кітапханаларының ынтымақтастығы және кітапханалар арасында өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланған жұмыс кездеуі өтті.    

  Конгрестің жұмысы мен жаңалықтары туралы толық ақпаратты, отырыстың материалдарына (соның ішінде орыс тілінде), сұхбаттарға, фотосуреттерге, бейне, блогтарға және т.б. қолжетімділікті  http://conference.ifla.org/past-wlic/2015/ifla81.html. Интернет желісінен алуға болады.

   Сессияның жабылуы кезінде, президент Синика Сипиля Бүкіләлемдік кітапханалық және ақпараттық Конгресі 2017 жылы Вроцлав қаласында (Польша) өтетінін ресми түрде хабарлады.

 
     Келесі Бүкіләлемдік кітапханалық және ақпараттық Конгресс: ИФЛА-ның 82-ші Бас Конференциясы 2016 жылы 13-19 тамызда Колумбус қаласында  (АҚШ-тың Огайо штаты) өтеді.