+7 (727) 267-28-83

   2015 жылғы 22 сәуір күні Ташкентте Еуразия Кітапханалық Қауымдастығының (ЕКҚ) XVII Жалпы жиналысы өтті. Іс-шара Өзбекстан Ұлттық кітапханасының 145 жылдығы және «Central Asia – 2015» ІХ Халықаралық конференциясы аясында өткізілді.

   Жиналысқа ТМД елдерінің тоғыз ұлттық кітапханасының басшылары  қатысты: Ресей мемлекеттік кітапханасы, Өзбекстан Ұлттық кітапханасы,  Ресей Ұлттық кітапханасы,  Беларусь Ұлттық кітапханасы, Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы, М.Ф.Ахундова атындағы Әзірбайжан ұлттық кітапханасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Б.Н.Ельцин атындағы Президенттік кітапхана,  Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасы. 
   Кездесуде барлық Достастық елдер кітапханалық қауымдастығы үшін маңызы бар мәселелер талқыланды. ТМД қатысушы-мемлекеттеріне Модельді кітапханалық кодекстің жобасын дайындау туралы мәлімет таныстырылды. Бүгінде интеллектуалдық меншік бойынша мәселелерге қатысы бар елдердің заңнамалық актілерін зерделеу жүргізілді. «ТМД, Балтия мен Грузия елдері заңнамаларына кітапханалар мен оларды пайдаланушылардың  қызығушылық бейнесін көрсететін салыстырмалы талдау» шолуы жазылды, Кітапханалық кодекстің жаңа редакциясының тұжырымдамасы жасалды. 
   Талқылаудың маңызды тақырыбы «Еуразия Кітапханалық Қауымдастығының электрондық кітапханасы» (ЕКҚ ЭЛКІТ) жобасы болды. Мемлекетаралық электрондық кітапхананы  құру туралы ұсыныс Бішкек қаласында (17 қыркүйек 2014 ж.) ЕКҚ-ның XVI Жалпы жиналысында тасталды. Ташкентте  ТМД елдері ең ірі  кітапханаларының басшылары жобаны дамытудың мүмкін жолдарын талқылады, электрондық кітапхананың мәртебесін, оның серіктестерін толтыру, өзара әрекет ету механизмін анықтайтын нормативтік құжатты жасаудың қажеттілігін мойындады. Тараптар ЕКҚ ЭЛКІТ құруға кірісу ниеттері туралы Келісімге қол қойды. Жиналыстың қорытынды бөлімінде Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының Жеңісіне 70 жыл толуына арналған ТМД елдері виртуалдық  көрмесінің тұсаукесер рәсімі өтті.  
   «Ақпараттық-кітапханалық ресурстар ғылымда, білімде, мәдениетте және бизнесте» «Central Asia – 2015» ІХ Халықаралық конференциясы Өзбекстанның қазіргі кезеңдегі ақпараттық-кітапханалық инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарын сипаттады. Ақпараттық-кітапханалық мекемелерде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, осы бағыттағы республиканың және басқа елдердің  мұрағаттық мекемелерінің тәжірибесі, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының «Ақпараттық-кітапханалық қызмет туралы» заңын, Өзбекстан Республикасы Президентінің ПП-1729 «Әлішер Навои атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы – ақпараттық ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша шаралар туралы» қаулысын әрі қарай жүзеге асырумен байланысты мәселелер таныстырылды. 
   Конференция ғылымның, білімнің, мәдениет пен экономиканың дамуындағы ақпараттық-кітапханалық мекемелер рөлінің елеулі өсуімен қатар, жаңа электрондық ресурстар, ақпараттық-кітапханалық жүйелер жасау, шетелдік ғылыми-білім дерекқоры мен ақпараттық ресурстарын  пайдалану бойынша мекемелерді біріктіру де өзектірек екенін атап өтті. Конференцияда пленарлы және секциялы  отырыстарда тыңдалған 74 баяндама, 3 семинар, 3 тренинг, дөңгелек үлтел және мастер-кластар ұсынылды. Конференция жұмысына қатысу  өте танымдық әрі жемісті болды.