+7 (727) 267-28-83

СИРЕК КІТАПТАР МЕН ҚОЛЖАЗБАЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ОҚУ ЗАЛЫНДА ҚОРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ: 

1. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметі ғалымдар мен зерттеушілерге, мамандарға, жоғарғы курс студенттеріне (3-ші курстан жоғары) қызмет көрсетеді. Сирек  кітаптар мен қолжазбалар қызметінде қорды пайдалану үшін: оқырманның жұмыс істейтін мекемесінен, оқу орнынан ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директорының атына жазылған өтініш хат керек. Өтініш хатта: оқырманның қызметі, студент болса факультеті, қандай тақырыпта жұмыс істейтіні белгіленіп, көрсетілуі керек. Егер оқырман ешқандай мекемеде жұмыс істемесе (мысалы: зейнеткер), онда оқырман өз атынан өтініш хат жазуы тиіс.
2. Оқырман өзіне керек құжатын алу үшін міндетті түрде өтініш (требование) қағазының екі жағын да толық толтырып жазуы керек.
3. Құжаттар оқырманға тек қана өзінің зерттеген тақырыбына сәйкес беріледі.
4. Бір оқырманға күніне 5 тапсырыс (заказ) орындалады. Оқырманның қолына құжат бір-бір данадан беріледі.
5. Оқырман алған басылымдарын оқу залында 5 күнге ғана сақтай алады.
6. Егер оқырман өзінің атына сақтап қалдырған басылымдарды 3 күн пайдаланбаса, басылымдар қайта қорға түсіріледі.
7. Егер құжат бір оқырманның атында сақтаулы болса, ол басылымды өзге оқырман алғашқы оқырманның келісімімен ғана алуына болады.
8. Оқырман өзі пайдаланған уақытта басылымдарға өзі толық жауап береді.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

• Оқу залына берілген құжаттарды осы залдан шығаруға;
• Басқа оқу залдарынан алынған басылымдарды сирек кітаптар мен қолжазбалар залына әкелуге;
• Басылымдарды пайдаланғанда парақтарын майыстыруға, басылымдардың арасына әр нәрсе қоюға, құжаттардың үстіне дәптер, қағаз қойып жазуға, ашық тұрған басылымдарды бір-бірінің үстіне қоюға;
• Құжатты сызуға, жазуға, бояуға және т.б.;
• Түптелмеген басылымдар парақтарының ретін ауыстыруға;
• Басылымдардың көшірмесін алуға;
• Басылымдарды фотоаппаратпен және ұялы телефонмен түсіруге;
• Оқу залына сөмкемен кіруге;
• Оқу залына тамақ және сусындар әкелуге.

9. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің оқу залында жоғарыда айтылған ережелерді бұзғандар, кітапханада құжаттарды пайдалану құқығынан айырылады және жауап беруге тиісті.
10. Оқырман залы сағат 9.00-18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Жексенбі, дүйсенбі күндері жұмыс жасамайды.
11.Басылымдарға тапсырыстар сағат 17.00-ге дейін қабылданады.

СЕНБІ КҮНДЕРІ ОҚЫРМАНДАРДАН ТАПСЫРЫС ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ.