+7 (727) 267-28-83

Кенжетаев Кәукен = Кенжетаев Каукен: ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Ш.Б. Салқанова, Ш.Б. Үсенбаева; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева. - Алматы, 2016. - 85 б. – Қаз., орыс тіл. (Қазақстан өнері = Искусство Казахстана).

Көрсеткіш актер, Қазақстанның халық артисі, опера әншісі, режиссер, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың иегері, профессор Кәукен Кенжетайұлының 100 жылдық мерейтойына арналған. Көрсеткіште 1957 жылдан 2016 жылдың ақпан айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Көрсеткіш ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Художественная литература Казахстана (1978-1987): библиографический  указатель / сост.: Э.Г. Оразбакова, Р.Т. Аженова; ред.: А.Ш. Сайдембаева. – Алматы: ИП «Кайнар принт» Малик Н.Б., 2016. – на рус. яз.
Кн. 1. – 543 с.
Кн. 2. – 414 с.

Библиографиялық көрсеткіш 1946-1978, 1958-1967, 1968-1977 жылдардағы көркем әдебиеттің дамуын көрсететін көрсеткішттердің жалғасы болып табылады. Көрсеткішке Қазақстан жазушыларының 1968-1977 жылдар аралығында орыс тілінде жарияланған шығармалары, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, әдеби жинақтар және әдебиеттану мәселелері жөніндегі еңбектер енгізілді. Библиографиялық көрсеткіш әдебиеттанушыларға, кәсіби мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға арналған. Орыс тілінде.

Олжас Сүлейменов: библиографиялық көрсеткіш = Олжас Сулейменов: библиографический указатель = Olzhas Suleimenov: bibliographical index / ҚР Ұлттық кітапханасы; ғылыми ред. және алғы сөзін жазған С. Абдулло; ред.: М.К. Әбілова, Ә.Ш. Сәйдембаева; құраст.: М. Оқап, Д.Ә. Қыстаубаева, Н.М. Әлмерекова. – Алматы, 2016. – 464 б. – Қазақ, орыс, шетел тілдерінде.

Көрсеткіш ақын, кинодраматург, публицист, зерттеуші ғалым, көрнекті қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 80 жасқа толуына арналған. Көрсеткіште 1959 жылдан бастап 2016 жылдың сәуір айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген материалдар көрсетілген. Көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, мамандарға, жазушының еңбегін зерттеушілерге, кітапханашыларға және әдебиетті сүйіп оқитын көпшілік оқырмандар қауымына арналған көрнекті библиографиялық құрал.