+7 (727) 267-28-83

Қазақ мемлекеттілігінің дамуы (ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін): библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған М.К. Әбілова; ғылыми редакторы, алғы сөзін жазған А.Ш. Алтаев; редакторлары: Ә.Ш. Сәйдембаева,  Б.Ш. Шаймерденова. – Алматы, 2013. – 296 б.

Библиографиялық көрсеткішке қазақ мемлекеттілігінің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қалыптаcуы мен дамуы  мәселелері бойынша революцияға дейінгі кеңестік, отандық және шетелдік зерттеушілердің ізденістерімен байланысты әдебиеттер енгізілген. 
Көрсеткіш 1913 жылдан 2013 жылдың қаңтар айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген әдебиеттерді: кітаптар, кітап және журнал мақалаларын, ғылыми еңбектерді, авторефераттар мен диссертацияларды қамтиды. 
Библиографиялық құрал тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге, кітапханашыларға және жалпы оқырман қауымға арналған. 

Дөненбаева Кәмшат: библиографиялық көрсеткіш = Доненбаева Камшат: библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған З.А. Тоқбергенова; редакторы Ә.Ш. Сәйдембаева.- Алматы, 2013.- 162 б.- Қазақ, орыс тілдерінде.

Көрсеткіш ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы аясында еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға айтулы үлес қосқан атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Байғазықызы Дөненбаеваның 70 жасқа толу мерейтойына арналған. Көрсеткіште 1973 жылдан бастап 2013 жылдың қазан айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттер қамтылған. Көрсеткіш ауыл шаруашылығы мамандарына, студенттерге, жалпы оқырман қауымға арналған.

Мұқан Төлебаев = Мукан Тулебаев: ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Д.А. Қыстаубаева, Ш.Б. Үсенбаева; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева.- Алматы, 2013.- 154 б.- Қазақ, орыс тілдерінде. - («Қазақстан өнері» сериясы).

Көрсеткіш сазгер, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Жамбыл атындағы республикалық сыйлықтың иегері Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Көрсеткіште 1943 жылдан 2013 жылдың наурыз айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, халық әртісінің өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін жалпы көпшілікке арналады.