+7 (727) 267-28-83

Қазақ кітаптары: Жиынтық каталог, 1806-1917 / Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы; Құраст. Ж.Н.Кәрі; Ғылыми ред.: М.Жармұхамедұлы, М.Шафиғи.- Алматы, 1998.- 177 б.

Бұл библиографиялық көрсеткішке 1806-1917 жылдары араб әрпімен жарық көрген қазақ кітаптары енген. Кітаптардың қайда, қандай кітапханада немесе мұражайда тұрғанынан мәлімет дайындау жұмысына қатысушылар: Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы, Қазақстан Республикалық Кітап музейі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кітап палатасы, Ресей Мемлекеттік кітапханасы, Ресей Ұлттық кітапханасы және т.б. мекемелер. Бұл библиографиялық көрсеткіш шығыстанушы ғалымдарға, қазақ кітабы тарихын зерттеушілерге және осы тақырып қызықтыратын оқырман қауымға арналған.