+7 (727) 267-28-83

 

akparat

2019 жылғы 17 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған мерекелік құттықтау іс-шарасы өтті.

Ұлт руханиятын ұлықтап, парасат ордасында өткізілген мәдени-көпшілік іс-шаралардың маңыздылығын оқырмандарға насихаттау мен таратуда кітапханаға зор ақпараттық қолдау көрсетіп, замандастарымыздың рухани жаңғыруына, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, олардың бойында, азаматтық-патриоттық ұстанымды қалыптастыруға қосып келе жатқан үлестері үшін байланыс және ақпарат қызметкерлерін Ұлттық кітапхана ұжымы құттықтады.

 

Толығырақ...  

2019 жылғы 12 маусым, сағ. 18.30-да Е.Тұрсынов залында Ресей мемлекеттік сыйлығының лауреаты, танымал актриса, тележүргізуші, қоғам қайраткері Ольга Будинаның, «Пушкин Ресей өркениетінің пайғамбары» атты  ұлы ақынның 220 жылдығына арналған шығармашылық кездесуі өтті.

Screenshot 20190715 102202

Мереке аясында Мәскеу мен Алматы қалаларының 25 жылдығына арналған «Қазақстан мен Ресей: ғасырларға жалғасқан достық» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

 2019 жылғы 12 маусымда Н. Даулетова атындағы залда  Солтүстік Каролина штатының Дэвидсон колледжінің ағылшын тілі профессоры Бренда Фланаганмен шығармашылық кездесу өтті.

IMG 20190613 WA0012

Ол бүкіл әлемде өзінің әңгімелері мен өлеңдерінің ерекше театрландырылған тұсау кесерлерімен танымал. Қазіргі уақытта ол Солтүстік Каролинадағы Дэвидсон колледжінде жазушылық шеберліктен, Кариб және афроамерикандық әдебиетінен сабақ береді.

Толығырақ...  

oraz

2019 жылғы 12 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбденнің «АБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЦИВИЛИЗАЦИЯ» атты  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарыққа шыққан кітабының тұсаукесері рәсімі өтті.

 

Толығырақ...  

2019 жылғы 6 маусымда әлем әдебиетті  оқу залында "Ұлы орыс ақыны А. С. Пушкинге – 220 жыл" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. А. С. Пушкин - орыс әдеби, жаңа орыс әдебиетінің негізін қалаушы.  

1315849887 487px AleksandrPushkin

Орыс әдебиетінің басты дәстүрі ретінде оларға гуманизм, халық, реализм, азаматтық бекітілді. Оның поэзиясы - орыс және әлемдік әдебиеттегі үйлесімді әдемі өнердің жарқын үлгісі.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұсынылған кітап көрмесі: қазақ, орыс, ағылшын және т.б. тілдеріндегі үш бөлімнен тұрады.

Толығырақ...  

shanai2019 жылғы 3 – 30 маусым аралығында  Қазақстан Республикасы Ұлттық  кітапханасында белгілі төкпе ақын Шынияз Шанайұлының 200 жылдығына орай өмірі мен шығармашылығына арналған  кітап көрмесі қойылды.

Толығырақ...  

2019 жылғы 31 мамыр, сағат 11.00-де «Қазақстан кітаптары» оқу залында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткер «Алаштың арда ұлы – Сұлтанбек Қожановтың» 125 жылдығына арналған кеш, сондай-ақ Ілияс Жансүгіровті, Сакен Сейфуллинді, Бейімбет Майлинді еске алуға арналған әдеби шолу өтті.

 

IMG 0928Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - жазықсыз құрбандарды еске алу, сталин режимінің дәуірі: аштық, жаппай репрессия, қудалау және зорлық, кінәсіз адамдарды мәжбүрлеп жер аудару.

Толығырақ...  

2019 жылғы 27-30 мамырында Ақпараттық ресурстар қызметі Шетел әдебиеттерін өңдеу тобының жетекшісі А.К. Несипбаева мен Жоғары дәрежелі, жоғары деңгейлі кітапханашысы К.Д. Авелбекова Талдыкорған қаласы С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы  ұйымдастырған «Заманауи кітапханадағы басты бағыт-цифрландыру және халықаралық әмбебап ондық жіктеу жүйесінің дамуы» тақырыбындағы кітапханашылардың біліктілігін арттыру семинар-тренингінде 3 күндік оқу-үйрету дәріс-сабақтарын өткізді.

0303

ҚР Ұлттық кітапхана мамандары курс тыңдаушыларына отандық қолданбалы «Web-RABIS» бағдарламасының «Кітап қорын толықтыру»,  «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап берілімі», «Оқырмандарды тіркеу» модульдарымен таныстыру,

Толығырақ...