+7 (727) 267-28-83

кытай гл2 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырған «Қытай өркениетімен танысу – Поэтикалық Чанъань, жарқын өркениет туралы жады» тақырыбында онлайн іс-шара өтті.

Толығырақ...  

токаев корме гл

2024 жылғы 25 қаңтардан бастап, ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбаты аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

гл елубай2024 жылғы 31 қаңтарда Н.Дәулетова атындағы залда Қазақ КСР халық әртісі Елубай Өмірзақовтың 125 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Толығырақ...  

обзор гл

2024 жылғы 30 қаңтарда Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының ортақ жазба мұралары», «Ғасыр әуені ізімен» және «Дала дауылпазы – Сәкен Сейфуллин» атты көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Толығырақ...  

тілегенов гл2024 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі музыкант Бағдат Тілегеновтің 60 жасқа толуына орай «Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Толығырақ...  

пушкин гл

Әлем әдебиеті залында қазіргі орыс әдеби тілінің негізін қалаушы, ұлы орыс ақыны А.С.Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай «Әдеби Қазақстандағы А.С. Пушкиннің шығармашылық мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

Герои ВОВ глӘлем әдебиеті залында Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова, Сағадат Нұрмағанбетов, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына және Иван Бабиннің 125 жылдығына арналған «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандық батырлар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

Момышулы гл2024 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында еліміздің дамуы жолында үлкен үлес қосып, түрлі салаларда жемісті қызмет атқарып, ұлт жанашырына айналған бірқатар жандарды Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы төсбелгімен марапаттау рәсімі өтті.

Толығырақ...