- Подробности
- Автор: editor
2025 жылғы 21 сәуірде Ұлттық кітап күні мерекесі аясында өткізілетін апталық шара шеңберінде 21 сәуір – «Кітап. Тарих. Шежіре» Сирек және құнды, ерекше кітаптар күніне орай ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің оқу залында «Қазақ кітабының сырлы шежіресі» және «Ерекше әлем» атты сирек кітаптар көрмесінің таныстырылымы өтті.
- Подробности
- Автор: editor
2025 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Әдебиет академиясы залының қызметі аясында ақын, Жазушылар одағының мүшесі Эльмира Сәрсенбайқызының «Сөйлеу стратегиясы», «Анамдай болсам…» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
- Подробности
- Автор: editor
2025 жылдың 18 сәуірінде ҚР Ұлттық кітапхансында жоспарға сәйкес "Жер сілкінісі және өрт болған жағдайда эвакуцияға дайындық" Тақырыбында оқу-жаттығу шарасы өткізілді.
- Подробности
- Автор: editor
2025 жылғы 17 сәуір, сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ғылыми орталығында докторанттар мен магистранттарға ғылыми зерттеулер жүргізу және Scopus базасына енген журналдарға мақала жариялау жолдарын түсіндіру мақсатында “Ғылыми жолға қадам” атты дөңгелек үстел өтті.
- Подробности
- Автор: editor
17 сәуірде Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Журналистика Академиясы сыйлықтарының иегері, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі, белгілі публицист-жазушы Шархан Қазығұлдың «Шалахметов шеңбері» кітабының таныстырылымы өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Бүгін кітапханада елімізге белгілі ақын, жазушы, филолог-ғалым, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қостанай облысының Құрметті азаматы Серікбай Оспановтың 80 жас мерейтойына орай «Сағындым Алматымды» атты әдеби-танымдық кездесу кеші өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Ұлттық кітап күні аясында 16 сәуірде Ашық есік күніне орай Қытай ғылым Академиясы Шыңжаң филиалының құжат пен ақпарат орталығы қызметкерлері ҚР Ұлттық кітапханасымен танысып, Қытай мәдениеті мен әдебиеті залының қорына «Мемлекет қорғауындағы Шыңжаң жабайы жануарлары», «Шыңжаңдағы сирек кездесетін өсімдіктері» атты кітаптарды сыйға тартты.
- Подробности
- Автор: editor
Бүгін Н. Дәулетова атындағы залында белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әділғазы Қайырбековтің 70 жасқа толуына орай «Ғазалғұмыр» атты бенефисі өтті.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.