+7 (727) 267-28-83

1Болат

10 маусым, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда белгілі ақын, әдебиетші, мәдениеттанушы, публицист, республикалық және халықаралық сыйлықтардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Болат Шарахымбайдың жаңадан шыққан «Кісікиік» және «Айтпайын десем, сөзім бар...» атты қос кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

ӘБ

9 маусым, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда ақын, сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері Әбдіғани Бәзілханұлының «Талант, талғам, тағзым» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

1сертификат

4 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының Қазақстандық Кітапханалық Одақ жанындағы Виртуалды кітапхана мектебінде кітапхана қызметіне инновациялық жұмысты енгізу және мамандардың кітапханалық-ақпараттық білімін кеңейту мақсатында іс-тәжірибеден өткен Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының және Жамбыл облысының бірқатар аудандық кітапханаларының, С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының, Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандарына сертификаттар табысталды.

Толығырақ...  

1ЦБС

3 маусымда Қазақстандық Кітапханалық Одақ отырысының жұмыс бағдарламасына сәйкес Қазақстанның облыстық кітапханаларының директорлары мен мамандары Алматы қаласындағы ОКЖ заманауи үлгісіндегі Alatau Creative Hub орталығына, Қазақстан жазушылар кітапханасына, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасына, № 33 балалар кітапханасына экскурсия жасап, жұмыстарымен танысты.

Толығырақ...  

ДК1

3 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстандық Кітапханалық Одақ жұмыс кеңесінің кезекті отырысы өтті 

Толығырақ...  

ЮНЕСКО

Әлем әдебиеті оқу залында халықаралық ұйымның мерейтойына арналған «ЮНЕСКО − 75 жыл білім, ғылым және мәдениет қызметінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

1июнь1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және 2021 жыл - «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» болып жариялануына орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында өткізілген «Көркем әдебиет арқылы балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу» атты конференцияға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. Оспанова, бас бухгалтер Д. Казкенова, Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Ф. Бектұрбекова қатысты.

 

Толығырақ...  

Тұрсынханның үш ұлы

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

ҚР Ұлттық кітапханасы «2021жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кітапхана қорынан «Тұрсынханның үш ұлы» ертегісін назарларыңызға ұсынады.

Оқыған: Абилкаирова Айханым Шарипжановна – ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханашысы.

#балалардықорғау

#балаларғабазарлық

#қазақертегілері

Толығырақ...