23.11.2023
Описание
23 қараша, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай дөңгелек үстел өтеді.
Шараның мақсаты – қазақ жерінен шыққан Мәмлүктер билеушісі Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы төңірегінде жастар арасында кеңінен насихаттау.
Мәмлүктер тарихы мен әдебиетін зерттеушілер Сұлтан Бейбарыс жөнінде мынадай ақпарат келтіреді: «Жеңімпаз патша Байбарыс айбарлы да айбатты, атақ-даңқы асқан, сұлтандыққа лайық, данышпан, мемлекеттің жағдайын білетін, алдында шығыс және насрани патшалар тізе буккен ұлы патша еді. Ол бір орнында отырмайтын, оның Шамда - Дамаск пен Алеппода шерулері бар еді. Жорыққа көп аттанатын, батырлығымен аты шыққан, соғыста ержүрек еді. Қысы-жазы ат үстінен түспейтін. Мемлекет шекарасындағы жерлерді қосып алғанына қарай, оған абу футухат - жиһангер деген лақап ат тағылған еді. Байбарыс келісті, ұзын бойлы, аққұба, дөңгелек сақалды еді. Сақалында бір тал ақ жоқ. Шеру тартқанда халық тарапынан қатты дәріптелетін».
Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Сұлтан Бейбарыс туралы кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Қатысушылар: ғалымдар, ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.