+7 (727) 267-28-83

22.01.2025

Название:
22 қаңтар, сағат 10.30-да Бексейіт Түлкиевтің туғанына 70 жыл толуына «Дүние жалған, өнер мәңгі» атты орай еске алу кеші және суреттерінің жеке көрмесі өтеді.
Дата:
22.01.2025
Расположение:

Описание

2025 жылғы 22 қаңтар, сағат 10.30-да ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында қазақтың көрнекті суретшісі, Қазақстан Республикасы Таэквондо Федерациясының тұңғыш президенті, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты (1988), бірнеше Халықаралық және Республикалық сурет көрмелерінің жүлдегері Бексейіт Түлкиевтің туғанына 70 жыл толуына «Дүние жалған, өнер мәңгі» атты орай еске алу кеші және суреттерінің жеке көрмесі өтеді.

Бексейіт Әбдезұлы Түлкиев 1955 жылы Шымкент облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келген. Монументші, кескіндемеші, КСРО Халық шаруашылығы көрмесінің дипломанты.

Бейнелеу өнері саласындағы шығармашылық еңбегін спортпен де етене ұштастыра отырып, жастарды спортқа баулыған, өзі «қара белдік» шебері атанған.

Джеки Чаннің достарының бірі ‒ Бексейіт Түлкиев тек суретші ғана емес, атақты спортшы да болды. Карате, у-шу, таэквондо шебері және осы спорт түрінен Қазақстандағы Таэквондо федерациясының тұңғыш президенті әрі қара белбеу (5-дан) иесі болды. Сондай-ақ, ол әйгілі таэквондо шебері Мұстафа Өзтүріктің шәкірті болған.

Өнер және театр, мәдениет қайраткерлері мен ардагерлері де шараға қатысып, өздерінің әйгілі суретші, саңлақ спортшы Бексейіт Әбдезұлы туралы естеліктерімен бөліседі.

Сол күні Бексейіттің күллі суреттері жарияланған түрлі-түсті кітап альбомы таныстырылады және келген қонақтарға таратылады.

Осынау еске алу әдеби-танымдық жиынына Алматы қаласындағы белгілі тұлғалар, көрнекті қазақ қаламгерлері мен атақты қылқалам шеберлері, ғалымдар мен профессорлар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысады.