2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Е.Тұрсынов атындағы залында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімшілігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өткізді.
Салтанатты шараны Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ, М.Е.Балбаева Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарды Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің құрмет грамотасымен марапаттады.
Шара аясында желтоқсан оқиғасына қатысқан Бостандық ауданының тұрғындарын сый-сияпат көрсетілді. Мерекелік кеште Қазақстан эстрадасының жарқын жұлдыздары әнмен шашу шашып, «Салтанат» би ансамблі өнер көрсетті.
ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Тәуелсіздік күніне арналған көрме ұйымдастырылды.