14 ақпан 2020 ж. ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының директоры Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы екі мекеме арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында М.Ә. Рахымжанов пен инновациялық және ғылыми жобалар қызметінің жетекшісі М.Е. Арынға кітапхана тарихы мен құрылымдық бөлімдерінің қызметі таныстырылды.