2020 жылғы 21 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Алматы қалалық «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» мәнерлеп оқу байқауының екінші кезеңі өтті.
Салтанатты шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйлеп ашты. Сондай-ақ, Қаскелең Епископы, Мәскеу қаласы жазушылар одағының мүшесі – Владыка Геннади (Гоголев) және Алматы қаласындағы ЮНЕСКО өкілі Халафова Айгүл сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау үш номинация бойынша өтті: «Абай өлеңдері мен поэмалары», «Абайдың поэтикалық аудармалары», «Абайдың қара сөздері».
Байқауды ұйымдастырушылар - ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласы білім басқармасы, «Открытая школа» республикалық ақпараттық-әдістемелік журналының редакциялық алқасы, Алматыдағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі.
Қазылар алқасының құрамында – ғалымдар, ақындар, аудармашылар, мәдениет, театр және кино қайраткерлері, актерлер, ЮНЕСКО өкілдері болды. Қатысушылар: Алматы қаласының оқушылары-байқаудың бірінші аудандық кезеңінің жеңімпаздары.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және кітаптармен марапатталды.
https://drive.google.com/open?id=1wBIZL50StBFy2O6XozhgXdK1r-7F78PC