25 нарызда Н.Дәулетова атындағы залда «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі және Алматы қалалық әкімдігі бірлесе отырып еліміздегі «Бала тәрбиесі – буллинг және отбасындағы зорлық-зомбылық» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Отбасындағы буллинг және зорлық-зомбылық тақырыбындағы мәселелерді талқылау.
Шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов, «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рақымбек Жолаев, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ербол Тілешов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, Адам құқықтары жөніндегі заңгер, PhD Халида Ажигулова қатысты. Сондай-ақ оған елімізге белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, педагогтар, психологтар, бала құқығын қорғау жөніндегі заңгерлер, депутаттар, БАҚ өкілдері, Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңес мүшелері т.б. кәсіби мамандар атсалысты.