29 наурызда Дін және дәстүр залында Әбіш Әділбектің «Жыраулар сөзі – тарихтың көзі» атты кітабы мен «Елдік пен ерліктің шежіре жырлары» атты CD-дискінің тұсаукесері өтті.
Кешті ақын, Президент сыйлығының иегері, «Қазақ және Шалқар» радиолары Алматы филиалының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.
Іс-шарада ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Мырзабаев құран оқыды.
Лента кесу рәсіміне қатысқандар: Жұлдыз Мақатаев, Берік Жүсіп, Руда Зәйкенова.
Сөз сөйлеген қонақтар: педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тоққожа Қожағұлов, Талғар ауданының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Кәмнұр Тәлімұлы, эпик жыршы, әнші, күйші, этномузыкатанушы, фольклорист Берік Жүсіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сансызбай Мәдиев және т.б.
Автор кітапқа енген XIX-ғасырдағы Құланаян Құлмамбет пен тағы басқа бұрын жарыққа шықпаған Жетісу ақын-жырауларының жыр-термелерінен үзінді орындады.
Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасы қорына жаңа кітап сыйға тартылып, қатысушыларға табысталды.
Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар, зиялы қауым, ЖОО студенттері, Ұлттық кітапхананың жас мамандары мен БАҚ өкілдері.