20 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Гүлістан Хамзаеваның "Весь мир - одна страна" атты кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы ашты.
Автор «Весь мир - одна страна» атты жаңа кітабымен өзінің бай дипломатиялық тәжірибесін оқырмандарға ұсынды.
Сөз сөйлеген қонақтар: Жәния Әубакірова, Гауһар Шаңғытбаева, Мақсат Нұрмағабетов, Әдлет Құмар, Баян Қыстафина, Елена Карабузова, Оксана Рулеская, Айсұлу Қалдаяқова және т.б.
Жаңа кітап іс-шара соңында ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартылып, қатысушыларға табысталды.
Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, дипломат әйелдер, белсенді жастар, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары және т.б.