15 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен залында Тәуелсіздік күніне орай, ҚР халық әртісі, Алматы қаласы әкімдігі Концерттік оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Мұрат Серкебаевтың жетекшілігімен мерекелік концерт өтті.
Кеш қонақтары: Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жеке орындаушылары, сопрано әншісі, Өзбекстан Республикасының қайраткері Жәмила Баспақова, Олег Татамиров және Дамир Садуакасов.