29 желтоқсан ҚР Ұлттық кітапханасына Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі – Сажжад Ахмед Сихар, Алматыдағы Пәкістан елшілігінің Коммерциялық бөлімінің сауда және инвестициялар жөніндегі кеңесшісі – Мұхаммад Фарук, сауданы дамыту жөніндегі маман - Карибаев Манас келді.
Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған жемісті ынтымақтастық үшін Сажжад Ахмед Сихарға алғысын білдірді.
Сапар аясында қонақтар Пәкістанның мәдениет және әдебиет орталығында болып, оның қызметімен танысты.