25-26 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітапханашысы Дуйсенбаева Динара Қабдешқызы Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік кітапханасында өткен «Болашақ ұрпақ үшін тарихи шындықты сақтайық» атты Халықаралық жастар форуымына қатысты.
Форумның басты мақсаты – Екінші дүниежүзілік соғыстағы КСРО халықтарының рөлі туралы тарихи шындықты жастар арасында насихаттау.
Халықаралық форумда Д.К.Дуйсенбаева «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан халқының батырлық рөлі» атты баяндама жасап, бейнеролик көрсетті. Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан кітапханаларының мамандары баяндамалар мен презентациялар жасады.
Форумға қатысушылар екінші дүниежүзілік соғыс оқиғалары мен батырлар, түрлі халықтардың жеңістері туралы тарихи жадыны сақтауға бағытталған үздік тәжірибелерімен бөлісті.
Форумда «Кітапхана майданы: 1941-1945» фильмінің арнайы көрсетілімі ұсынылды. Таспаның деректі негізі: күнделіктер, хаттар, жеделхаттар, куәгерлер мен соғысқа қатысушылардың, кітапхана қызметкерлерінің естеліктері; ресми құжаттар, фотосуреттер, суреттер, ашық хаттар, бейнематериалдар; архивтерден алынған кадрлар және оқиға орнынан түсірілім, газет-журналдардан алынған мақалалар, монографиялар. Фильмге ТМД елдерінің ірі кітапханалары қатысты.
Сондай-ақ, форумның халықаралық қатысушыларға Ресей мемлекеттік кітапханасында экскурсия жүргізілді. Кітапхананың бас директоры В.В. Дудамен бірге екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды еске алып, Александр саябағында Белгісіз Сарбаздың қабіріне Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Жеңіс мұражайына барды.