29 тамызда ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Ұлытау облысындағы сапарлары барысында Жаңарқа ауданының С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне барып, кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, кітапхана бойынша экскурсия жасады.
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы Б.Қ.Оспанова С.Сейфуллин атындағы ОКЖ-ның бірқатар қызметкерлерін Қазақстандық
Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісімен марапаттап, кітапхана қорына Ұлттық кітапхананың баспа өнімдерін сыйға тартты.