20 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Ауған соғысы: тарихы мен сабақтары (1979-1989)» атты конференция өтті.
Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен «Social project management» қоғамдық қоры.
⠀
Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толу қарсаңында ел арасында оған әртүрлі көзқарас бар. Тарих заңына сәйкес көзқарастардың уақыт өте келе жаңарып отыруы табиғи құбылыс. Конференцияда осы мәселе талқыға салынды.
⠀
Іс-шараны тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, Ауған соғысының ардагері Болат Сайлан жүргізді.
⠀
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің маманы Шархан Мұхаммед-Қанапия ашты.
⠀
Сөз сөйлегендер: Ауған соғысының ардагерлері Байдәулет Дәркембаев, Алмасбек Айдарбаев, Байкал Хамзин, Құрманбай Жұмат, Асқар Жорабаев, «Social project management» орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлы және т.б. Ауған соғысы мен тәжік-ауған қақтығысының ардагерлері.