23 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасына Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері келді.
Оларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын терең танып-білу мақсатында «Абай әлемімен танысайық!» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды.
⠀
Шараны «Қазақстан кітаптары» кітаптары қызметінің жетекшісі А.К.Рахимова ашып, кітапханашылар С.Т.Жақсылықова мен А.Толықбаева «Абай» әдеби орталығына шолу жасап, қызықты викторина ұсынды.
⠀
«Арман-ПВ» баспасы директорының орынбасары, «Абай» әдеби-танымдық анимациялық энциклопедиясының авторы Қымбат Қараева экраннан бірегей басылымның бейнетаныстырылымын ұсынып, оның артықшылықтарына тоқталды және энциклопедияның бір данасын балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйға тартты.
⠀
Сондай-ақ, Ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашысы Р.Мыспаева Абайдың армандаған, аңсаған мұрат-мақсаттарының ең биік қол жетпес асқар шыңы болып табылатын «Толық адам» іліміне қысқаша түсінік беріп, балалардың ой-өрістерін шыңдауға бағытталған сергіту сауалнамасын жүргізді.
⠀
Сыртқы байланыстар және имидждік жұмыстар қызметінің маманы Т.Орманбеков «Қазағым» термесін орындап, балалар ұлы ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқыды.
⠀
Шара соңында балаларға Кәсіподақ комитетінен тәтті сыйлықтар мен кітаптар тарту етілді.