24 қазанда сағат Кітапханашы күні мерекесінің құрметіне ҚР Ұлттық кітапханасы Ғылыми-әдістемелік қызметі мамандарының ұйымдастыруымен «Қош келдің, жас маман» атты Ашық есік күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – кітапханашы мамандығының беделін арттыру, оны дәріптеу, кітапханалардағы кәсіби кадрлардың тапшылығын жоюға жәрдемдесу, болашақта жастарға деген сенімділікті арттыру.
Кітапханаға «Кітапхана ісі» мамандығы байынша: бірінші курс студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Қаскелең мәдениет колледжінің бірінші курс студенттері шақырылды.
Сондай-ақ, студенттерге кітапхана бойынша экскурсия өткізіліп, олар оқу залдарымен және құрылымдық бөлімдермен танысты. Шара барысында «Ұшқыр ой» зияткерлік ойыны өткізілді, ол: «Сырлы ұяшықтар», «Ойлан, тап», «Жұмбақ әуендер» сияқты үш кезеңнен тұрды. Іс-шара барысында студенттер үлкен белсенділік танытып, жеңімпаздар жүлдеге ие болды. Олар ҚР Ұлттық кітапханасының ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтады.