Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақ Пен-клубы мүшелерінің жыл соңындағы есеп беру отырысы өтті.
Шараны белгілі аудармашы, Қазақ Пен-клубының Президенті Бигелді Ғабдуллин жүргізіп, 2023 жылы ұйым шеңберінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, ұйым мүшелеріне есеп берді.
⠀
Сонымен қатар, Қазақстанның Халық жазушысы Смағұл Елубай, ақын Ұлықбек Есдәулет, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек т.б ұйым мүшелері сөз сөйлеп, 2023 жылы атқарылған жұмыстарға өз бағаларын берді.
⠀
Сондай-ақ, ұйымға мүше ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдерінің дауыс беруімен Бигелді Ғабдуллин Қазақ Пен-клубының Президенті лауазымына қайта тағайындалды.
⠀
Шара аясында бірқатар ақын-жазушыларды Қазақ Пен-клубы құрамына қабылдап, куәліктер табысталды.