2023 жылғы 29 желтоқсан, сағат 10:00-де О.Жандосов атындағы оқу залында «Қазақстан кітаптары» қызметінің мамандары ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлеріне жаңа түскен кітаптарға библиографиялық шолу жүргізді.
Шолудың мақсаты - «Қазақстан кітаптары» қызметінің қорына түскен білімнің түрлі салалары және көркем әдебиеттер бойынша жаңа әдебиеттермен таныстыру және олардың қызығушылығын арттыру.
Іс-шарада сөз сөйлеп, шолу жасаған қызмет жетекшісі А.К. Рахимова, топ жетекші К.Н. Қасымбекова және кітапханашылар Г.Т. Алакушукова, Н.Б. Саева, Е.О. Ергеш, А.Толықбаева.
Шолуға қатысқан кітапхана оқырманы Медет Әбділлә осындай іс-шаралардың пайдасы туралы жалпы пікірін білдіріп, қызықты мәліметтері үшін кітапхана мамандарына алғысын білдірді.