«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында көрнекті ғалым, тарихшы және әдебиетші Мухаммед Хайдар Дулатидің 525 жылдығына арналған «Түркі халықтарының ірі тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мухаммед Хайдар Дулати – тарих, география, этнография, әскери істер салаларын қамтыған көрнекті ғалым. Дулатидің толық аты-жөні Мырза Мухаммед Хайдар Дуглат Кореген. Хайдар Дулати 1499 жылы, жаулап алу жорықтары мен аумақтық шекаралардың үнемі жылжулардың дәуірінде дүниеге келген. Оның парсы тілінде жазылған, XIV ғасырдың екінші жартысы – XVI ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстан мен Қашқардың тарихы сипатталған әйгілі «Тарих-и Рашиди» еңбегі ұрпақтар үшін өте құнды. Дулатидің бұл басты еңбегі әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Кітап көрмесінің мақсаты – ұлы ойшылдың еңбектерін дәріптеу, оның әдеби мұрасымен таныстыру.
Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. «Адамзат ақыл-ойының алыбы» атты бірінші бөлім энциклопедиялардан, анықтамалардан және Мухаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен қызметі туралы материалдарды көрсететін басқа да басылымдардан тұрады.
«Тарих-и Рашидидің танымдық табиғаты» атты екінші бөлімде Мухаммед Хайдар Дулатидің шығармашылық мұрасы, оның «Жаһаннама» және «Тарих-и Рашиди» атты әйгілі еңбектері ұсынылған.
«Ұлы тұлғаны ұлықтау» атты үшінші бөлім оқырмандарды: «История казахского народа», «Мұхаммед Хайдар Дулати – көрнекті руханият және ғылым қайраткері», «Абсаттар Хаджи», «Тұлғалар тұғыры» және т.б. сияқты белгілі тарихшылардың ұлы ойшыл туралы зерттеулерімен таныстырады.
Кітап көрмесіне шақырамыз!!!