2024 жылғы 6 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Аруларға жарасады еркелік» атты кеш өтті.
Шараның модераторы ақын, «Жаса қалам» клубының жетекшісі Мұратхан Шоқан.
Шара аясында ақын қыздар: Әсел Оспан, Гүлманат Әуелхан, Ақгүл Айдарбекқызы, Фариза Исаева, Айгерім Төкен, Жұлдыз Тоқтарбай авторлық өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Аруларға жарасады еркелік» атты кітап көрмесі қойылды.
Кештің мақсаты – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аяулы аналар мен аруларға құрмет көрсету.
Шараға студенттер, оқушылар, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.