- Подробности
- Автор: editor
2024 жылғы 4 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасында Ресей Журналистер одағының мүшесі, режиссер Алексей Никулиннің «Алсиб. Хроники воздушной трассы» атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
- Подробности
- Автор: editor
2024 жылғы 4 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі, ақын Маймақов Айболат Тілеубайұлының «Сақшылық өмір сабағы» атты оқу құралы жинақ-кітабының таныстырылымы өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі, ұстаз, профессор Нариман Қаражігітовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Өзіндік ізі бар талант» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
2024 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі суретші, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Нұразханның «Қаһарман Қасым» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Әлем әдебиеті қызметінде ең танымал кейіпкерлердің бірі – детектив Шерлок Холмсты жазған көрнекті ағылшын жазушысы, дәрігер Конан Дойлдың туғанына 165 жыл толуына орай «Артур Конан Дойлдың ғажайып әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
2024 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Деректі фото: тарихы және даму көкжиегі» атты монографияның таныстырылымы өтті.
- Подробности
- Автор: editor
2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы және Диссертация бөлімінің жетекшісі Әбенова Жазира Амангелдіқызы «Жоғары оқу орны кітапханасының қазіргі әлемдік даму тенденциялары» XII халықаралық конференциясына қатысты. 2024 жылға арналған тақырып: «Қазіргі кітапхана – ЖОО-ның ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету сапасының кепілі».
- Подробности
- Автор: editor
2024 жыл 25 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы Қамия Қадай танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Хафизова Клара Шайсұлтанқызының 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Кітап шоу - 2024
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.