+7 (727) 267-28-83

Кітапхана құқы: заң және нормативтік-құқықтық актілер жинағы = Библиотечное право: сборник законов и нормативно-правовых актов. / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. Г.А. Маханбетова; ред. К.К. Қоштаева. - Алматы, 2015. -15-шығ.  284 б. – Қазақ, орыс тілінде.
Басылымға Қазақстан Республикасында 2014 жылы  кітапхана ісі мен мәдениет мәселелеріне байланысты қабылданған заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер алынды.                                 
Жинаққа ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары берілген.
Жинақ барлық жүйе мен ведомствалар кітапханаларының қызметкерлеріне және кітапхана ісі бойынша жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының оқытушыларына арналған.

Кітапханашы анықтамалығы. 1 бөлім / ҚР Ұлттық кітапханасы; Г.А. Маханбетова, Г.Т. Рахимжанова, А.Қ. Байдарова; жауап. ред.: К.К. Қоштаева. – Алматы, 2015. – 178 б.
Кітапханашы анықтамалығының бірінші шығарылымының бөлімдерінде: кітапхана түрлері, кітап қорын жинақтау және өңдеу, анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету, құжаттарды цифрлау арқылы электронды кітапхана түзу жолдары жайлы ақпарат берілген.
Анықтамалық барлық жүйелер мен мекемелердің кітапхана қызметкерлеріне, кітапхана ісі бойынша жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының дәріс берушілері мен студенттеріне арналған.

 Қазақстан кітапханалары - 2014 жыл. Мәліметтер. Сандар / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Г.Т. Ауғанбаева, Г.А. Маханбетова, Г.Т. Рахимжанова; ред. К.К.Қоштаева. - Алматы, 2015. -  65 б: кесте.
Сараптамалық басылым Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалардың ҚР Ұлттық  кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан  «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» атты электронды дерекқорына республикадағы жетекші кітапханалар мен облыстық ғылыми әмбебап кітапханалар тарапынан онлайн тәртіпте енгізілген 2014 жылғы жұмыс есептерінің статистикалық деректері мен ақпараттары бойынша және облыс кітапханаларының есептерін саралау, зерделеу негізінде дайындалды.  
Қосымша кестелерде ҚР Мәдениет  және спорт министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік көпшілік кітапханалар жұмысының 2013-2014 жж. барлық бағыттағы негізгі көрсеткіштері  ұсынылған.
Басылым  кітапхана  мамандарына, ғылыми  қызметкерлерге және жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған.

Сайтта

Қазір сайтта 183 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.