+7 (727) 267-28-83

2009 жылдағы Қазақстан кітапханалары: мәліметтер мен сандар / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. Ф.Бектұрбекова; ред.: Б.Шаймерденова. – Алматы: ҚР ҰК, 2010. – 65 б.

Бұл жинақта Қазақстан Республикасының Мәдениет минис­трлігі жүйесіндегі мемлекеттік көпшілік кітапханалар туралы мәліметтер қамтылған. Аналитикалық шолу облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың 2009 жылғы жұмысының есептері негізінде дайындалды. Басылым тараулары: Кітапханалар жүйесі; Кiтап қорын толықтыру және қаржыландыру; Кітапханалардың ағартушылық және коммуникативтік қызметі; Кітапханалардың ғылыми зерттеу қызметі; Ақпаратты-электрондық ресурстар және кітапхана­ қызметін автомат­тандыру; Кітапхана маманда­ры. Халықаралық тәжірибе алмасу. Кәсіби білімді жетілдіру шаралары; Кітапханалардың материалдық-техникалық базасы. Қосымшада 2008-2009 жылдардағы Қазақстан Республикасының Мәдениет министр­лігі жүйесіндегі мемлекет­тік көпшілік кітапханалары жұмысының көрсеткіштері берілген. Жинақ мәдениет саласы қызметкер­леріне, кітапханашыларға, ғалым­дар мен студенттерге арналған.

Болатова О.Ж., Қасымжанова К.Т. Кітапхана қызметіндегі көрме жұмысы: әдістемелік құрал. – Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы, 2010. – 86 б.

Бұл басылымда кітапханалардағы көрме қызметінің мақсаты мен түрлері, ұйым­дастыру әдістері туралы кеңестер, кітапханалық көрмеге жұмсалатын уақыт мөлшерлері, көрме қызметінің тиімділігіне баға беретін кестесі берілген. Көрменің тақырыбын таңдау, жарнамалау, түрлі түстерді қолдану, безендіру мәселелері қарастырылған. Әдістемелік құрал материалдары мәдениет саласының қызметкерлеріне, кітапханашыларға, кітапхана саласын зерттеушілер мен студенттерге арналған.

Кітапхана терминдерінің сөздігі/ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Г.Т.Рахимжанова, Ф.Қ.Бектұрбекова; ағылшын тіліне ауд.: К.Т.Қасымжанова; жауапты ред. Б.Ш.Шаймерденова. – Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы, 2010. – 260 б.

Қазіргі кезде кітапхана ісі саласында кең қолданысқа ие болған жаңа 2000 термин іріктеліп алынды. Оның ішінде кітапхана ісін автоматтандыру нәтижесінде туындаған сөздер де бар. Сөздіктегі терминдер әліпби реті бойынша орналастырылып, орысша және ағылшынша баламасы жақшаға алынып, түсініктемесі мемлекеттік тілде берілді.Бұл құрал кітапхана қызметкерлеріне, кітапханатанушыларға, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ білімнің басқа да салаларының мамандарына арналған.

Сайтта

Қазір сайтта 113 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.