+7 (727) 267-28-83

Өнер бөлімінің оқу залында Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 80 жылдығына арналған «Көп үнді құдірет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

ghk 768x432

Республиканың еңбек сіңірген ұжымы, Бүкілодақтық конкурстардың лауреаты Қазақ хор капелласы шығармашылық қызметін 1935 жылы бастады. Алғашында бұл шағын хор еді, оған композитор Дмитрий Дмитриевич Мацуцин жетекшілік етті. 1939 жылдың ақпан айында ол хор капелласы болып өзгерді.

Қазақ хорының қалыптасу кезеңінде ұжымды Б. Лебедев, Л. Хамиди, Б. Орлов, Б. Байқадамов, Г. Виноградовалар басқарды. 1959-1991 жылдары капелланың көркемдік жетекшісі КСРО халық артисі А. Молодов болды.
1997 жылы капеллаға Б. Байқадамовтың есімі беріледі. Ұжымның қалыптасуы Қазақстан композиторлары кәсіби шеберлігінің өсуімен қатар жүрді. Алғашында ол негізінен өңделген халық әндерін орындады, біртіндеп көп дауысты әндерді орындауға ауысты. Кейін қазақ күйлері хормен орындала бастады, ол ұжымнан хор мәнерлілігінің жаңа тәсілдерін талап етті. Біраз жылдар өткеннен кейін ғана ұжым ірі музыкалық формалар-сюиталарды, поэмаларды, кантаталар мен ораторийлерді меңгеруге кірісті. Капелланың концерттік қызметінің маңызды бөлігі - ұлттық хор өнерін насихаттау.
Ұжым Қазақстан композиторларының хорға арнап жазған шығармаларының бәрін орындады. Оның репертуарында бес жүздей шығарма бар, олар әлем халықтарының 20 тілінде орындалады. Бұлар - Моцарттың «Реквием», Йомеллидің «Мизерере», Перголезидің «Стабат матер», Бетховеннің «Фантазия» секілді музыка өнерінің інжу-маржандары, Рахманинов пен Свиридовтың көптеген хор шығармалары.
Капелла Қазақстан мен Ресей Федерациясының көптеген қалалары мен аудан орталықтарында, Орта Азия мен Закавказье республикаларында, Украинада, Прибалтикада өнер көрсетті. Мәскеудегі Ұлы жеңістің 40 жылдығына арналған концерттен кейін «Советская культура» газеті «ұжым бай шығармашылық диапазондарын көрсете отырып,  осы жанрға тән барлық тәсілдер мен көркем мәнерлілік амалдарын айқындады» деп жазды. «Советская музыка» журналы «Қазақ әртістері асқан шеберлікті және хормен ән айтудың түрлі тәсілдерін меңгергенін көрсетті, - деп атап көрсетті. Қазақ хор капелласына КСРО көркем  ұжымдары байқауының лауреаты (1968-1970).  1967 жылы Қазақ хор капелласына Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы атағы берілді.

Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап және мерзімді басылымдар қорынан Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.                                 

Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

Сайтта

Қазір сайтта 170 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.