+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 12 маусым, сағ. 18.30-да Е.Тұрсынов залында Ресей мемлекеттік сыйлығының лауреаты, танымал актриса, тележүргізуші, қоғам қайраткері Ольга Будинаның, «Пушкин Ресей өркениетінің пайғамбары» атты  ұлы ақынның 220 жылдығына арналған шығармашылық кездесуі өтті.

Screenshot 20190715 102202

Мереке аясында Мәскеу мен Алматы қалаларының 25 жылдығына арналған «Қазақстан мен Ресей: ғасырларға жалғасқан достық» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1994 жылы 3 қазанда Алматы мен Мәскеу арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл шараға екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамыту және нығайту туралы әдебиеттер, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдердегі  баспа құжаттары ұсынылды.        Кітап көрмесінің екінші бөлімінде Ұлы ақынның шығармашылық поэзиясы - орыс және әлемдік әдебиеттердегі үйлесімді әдемі өнердің жарқын үлгісі ретінде көрсетілген. Іс-шара 12 маусым  Ресей Федерациясының мемлекеттік мерекесіне орай ұйымдастырылған.      Көрменің үшінші бөлімі танымал актриса, тележүргізуші Ольга Будинаның шығармашылық қызметіне арналған. Онда актриса түсірген кинофильмдерден мақалалар мен үзінділер ұсынылған.     Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. К. Оспанова ашып өз ілтипатын білдірді. Алғыс және құттықтау сөздерімен Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығының Бас консулы Е. П. Бобров, Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығының консулы және ҚР-дағы Ресей ынтымақтастығының өкілі  И. В. Переверзева сөз сөйледі.        Ольга Будинамен шығармашылық кездесу өте қызықты өтті. Ол 30-дан астам фильмдер мен серияларда ойнаған. Ольга "Оскар" сыйлығының номинацияларында бірнеше рет ұсынылып,  кинофестивальдердің қазылар алқасына кіретін алғашқы ресейлік актриса. Ол А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты оқиғалар айтып, оның орындауында романстар мен данышпан ақынның өлеңдері оқылды. ҚР Ұлттық кітапханасының қорына Алматы қаласындағы РФ Бас консулдығының атынан жаңа әдебиеттер сыйға берілді.       Шығармашылық кездесуге кітапхананың серіктестері мен достары, қызметкерлері, поэзия мен кино сүйерқауым, Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының шығармашылық қауымдастығы және БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0138   DSC 0128
1234   Screenshot 20190715 102147

 

Сайтта

Қазір сайтта 63 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.