+7 (727) 267-28-83

02

2019 жылғы 21 ақпанда Қытай мәдениеті мен әдебиеті залында «Қытай Жаңа жылы - Көктем мерекесі» және «Қытайда білім алу» тақырыптарында ақпараттық сағат өткізілді.

Қытай Жаңа жылының белгілері, жұлдыздары мен ерекшеліктері туралы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 4 курс студенті Мейрамбай Жанат толығырақ айтып берді.

Екінші бөлімде «My China» компаниясы білім беру орталығының бас менеджері Айдана Қасымова Қытайдағы жоғарғы білім жүйесі, оқу гранттары мен бағдарламалар туралы, сонымен қатар, шетелдік студенттердің Қытайда білім алуы және өмір сүруі, олардың қауіпсіздігі мен медициналық көмегі туралы жан-жақты, толық ақпарат берді.

Іс-шараға оқырмандар, студенттер мен кітапханашылар қатысты.

                      

IMG 20190221 110446   IMG 20190221 111323
IMG 20190221 113550   IMG 20190221 113700

 

Сайтта

Қазір сайтта 346 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.