+7 (727) 267-28-83

004

2019 жылғы 16 сәуірінде Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, журналист, ғалым Темірғали Көпбаевтің  «Даналық тәпсірі», «Аққүмда оянған арман», «Жылдар жылжып барады» атты үш бірдей кітабының тұсаукесері өтті. 

Модератор: «Ана тілі» газетінің Бас редакторы Жанарбек Әшімжан.

Іс-шараны ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрлан Оразалин құттықтау сөзімен ашып берді.

Тұсаукесер рәсімін қоғам қайраткерлері Мүслім Дайырбеков, Амалбек Тшан, Жаңғара Дәдебаев жасап, Ұлттық кітапхана қорына тапсырды.

Сөз сөйлегендер: Ұлықбек Есдаулет, Ғалым Жайлыбай, Мамытбек Қалдыбаев, Әшірбек Көпішев, Заида Елғондинова, Аманхан Әлім, Айсұлу Қадырбаева, Әділғазы Қайырбеков, Аманбек Ақайұлы, Ермахан Шайхы, Есенәлі Ералиев, Байғали Есеналиев т.б қоғам қайраткерлері ізгі тілектерін білдірді.

«Даналық тәпсірі». Төрттағандар жинағы. Даналық ойлар – жалпы адамзаттың ортақ құндылығы, адам баласы жаралғалы бергі ақыл-ой мен таным-түйсік көкжиегінің көрінісі. Бұл кітаптың «Даналық тәпсірі» деп аталуы тегін емес. Мұнда автор көнеден келе жатқан ақық-маржан ой түйіндерін дәуір тынысына, ұлтымыздың болмысына қарай бейімдеп, ақиқатты интерпретациялық әдіспен дамыта, тарата жырлайды.

«Аққүмда оянған арман». Лирикалық өлеңдер жинағы. Бұл жинаққа ақынның соңғы жылдары жазған философиялық және лирикалық жырлары топтастырылған. Күрделі ой мен астарлы мәнге толы өлең иірімдері оқырман көңілін бірден баурап алады.

«Жылдар жылжып барады». Шығармалар, естеліктер, мақалалар, сұхбаттар. Темірғали Көпбайдың бұл кітабына оның соңғы жылдар жүзінде жазылған шығармалары, естеліктері, мақалалары мен сұхбаттары топтастырылған.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Темірғали Көпбаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға : зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, жырқұмар оқырман және БАҚ өкілдері қатысты.

57154583 2090865847677528 3381398365974560768 n   57484784 2090865511010895 1506373755172028416 n
57548405 2090865581010888 7476931179162107904 n   58113379 2090865471010899 4695133681050714112 n

Сайтта

Қазір сайтта 187 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.