+7 (727) 267-28-83

 

akparat

2019 жылғы 17 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған мерекелік құттықтау іс-шарасы өтті.

Ұлт руханиятын ұлықтап, парасат ордасында өткізілген мәдени-көпшілік іс-шаралардың маңыздылығын оқырмандарға насихаттау мен таратуда кітапханаға зор ақпараттық қолдау көрсетіп, замандастарымыздың рухани жаңғыруына, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, олардың бойында, азаматтық-патриоттық ұстанымды қалыптастыруға қосып келе жатқан үлестері үшін байланыс және ақпарат қызметкерлерін Ұлттық кітапхана ұжымы құттықтады.

 

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзімен ашып, БАҚ өкілдеріне өзінің зор алғысын жеткізді.

Бақыт Жағыппар, Жанарбек Әшімжан, Нұрболат Қуанышбекұлы т.б БАҚ өкілдері сөз сөйлеп, ізгі-тілектерін білдірді.

Шара аясында Ұлттық кітапханаға ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген БАҚ өкілдері «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен және  алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, Ұлттық кітапхана мен телеарналар және мерзімді басылымдар арасындағы ақпараттық қолдау мен ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншісі Шаттық Құмар және Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенті Бүрлен Қанат әнмен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Шараға БАҚ өкілдері мен Мәдениет және спорт министирлігіне қарасты ұйымдардың баспасөз хатшылары қатысты.

WhatsApp Image 2019 06 17 at 191145 WhatsApp Image 2019 06 17 at 214015

 

Сайтта

Қазір сайтта 99 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.