+7 (727) 267-28-83

01

2019 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапхана­сына Қытай Халық Республикасының Ляонин провинциясынан делегация келді.

Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті, Халық Үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі, Мәдениет және туризм департаменті, Ляонин провинциясы ҚКП комитетінің насихат бөлімі  өкілдерінің, Чжан Фухай мырзаның жетекшілігімен, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспановамен кездесу өтті.

Кездесу барысында қонақтарға кітапхана бойынша экскурсия жүргізіліп, шет елдердің оқу залдарымен, Ресей, Түркия, Пәкістан, Иран, Үндістан және Қытай мәдениеті мен әдебиеті залдарымен танысты.

4b34181b 5e00 459e 9335 28e1dfbfefb2   50f21682 6a08 49fb a60a 59064603c377

 

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.