+7 (727) 267-28-83

1

2019 жылғы 12 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында композитор Норлан Сейітовтің «Огонь сердца», «Небожители»  кітаптарының және  музыкалық шығармаларының тұсаукесері өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы құттықтау сөзімен ашты.  «Огонь сердца», «Небожители»  кітаптарының тұсаукесер рәсімі  жасалып, автор Ұлттық кітапхананың алтын қорына өз шығармаларын табыстады. Өнер иесінің шығармашылығына қызығушылық танытқан көрермендер гүл шоқтарын ұсынып, ізгі тіліктерін жеткізді.

Шара аясында Норлан Сейітов музыкалық шығармаларын көрермендер назарына ұсынып, әсем әндерін орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, Ұлттық кітапхана қорынан Норлан Сейітовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен Ұлттық кітапхана қызметкерлері, оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

IMG 4734   IMG 4738

 

Сайтта

Қазір сайтта 94 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.