+7 (727) 267-28-83

2

2019 жылғы 13 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Е.Тұрсынов залында  КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовпен және  қайраткердің «Жаңа ғасыр» жастар театрымен кездесу өтті.

 

Кездесудің  модераторы – ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы.                                                                  

Анапа қаласында өткен «Киношок» ашық Ресей кинофестивалінде «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын жеңіп алған Асанәлі Әшімовті М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов құттықтап, жылы лебізімен бөлісті.            

Кездесудің басты кейіпкері театр туралы, өзінің шығармашылық жолы, тарихта қалған қазақ сахна майталмандары мен бүгінгі шәкірттері жайында сөз қозғады.                                                                                                   

Кездесуде сөз алған ақын Маралтай Ыбыраев  Асанәлі Әшімовтің жарына арнап жазған   «Бағдат» поэмасынан оқып берсе, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Айнур Бермухамбетова халық әртісін құттықтап, шәкірттерімен бірлесе «Көзімнің қарасы» әнің орындады.                                                           

Сонымен қатар, кездесуде қайраткердің шәкірттері, яғни «Жаңа ғасыр» театрының актерлері «Соңғы қоңырау» спектаклінен үзінді көрсетті.        

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен Ұлттық кітапхана қызметкерлері, оқырмандары, «Жаңа ғасыр» театрының актерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

3   4
5   6

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 62 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.