+7 (727) 267-28-83

WhatsApp Image 2019 11 22 at 1317552019 жылғы 21-22 қарашада С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Кітапхана – тарихи білім орталығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтуде.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Маханбетова Гүлмира Абылайханқызы қатысуда. Б.Қ. Оспанова конференцияда «Тарихи сана – ұлттық мақтаныш пен жасампаздықтың көзі» атты тақырыпта баяндама жасады.

Сондай-ақ, конференцияға Ресей, Қырғызстан, Украина республикаларының тарихшы-ғалымдары және кітапхана ісінің мамандары қатысуда.

WhatsApp Image 2019 11 21 at 104944   WhatsApp Image 2019 11 21 at 104945
WhatsApp Image 2019 11 21 at 104947   WhatsApp Image 2019 11 21 at 110616

 

Сайтта

Қазір сайтта 157 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.