+7 (727) 267-28-83

37Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы атынан және өз атымнан барша қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Күллі мұсылман халқы үшін маңызы зор саналатын бұл қастерлі күн адамзатты бейбітшілік пен келісімге, береке-бірлікке, өзара түсіністік пен жанашырлыққа үндейді, рухани тазалықты, адалдық пен терең сенімді ұлықтап, жақындарына қайырымдылық пен қамқорлық танытуға, ізгілікке жетелейді.

Бұл күнді барша мұсылман қауым жан-жақты дайындықпен күтіп, ішкі жан дүниелерін тазартып, барынша ниет етеді. Мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, сауапты, игі істер жасайды. Құрбан айт мерекесінде адамдар бірі-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл күйін көтереді, ренжітіп алған кездері болса, кешірім жасап, табысады. Осылайша адамдардың бір-біріне деген өзара сыйластығы, татулығы мен бірлігі көрініс тауып, мерекенің маңыздылығы арта түседі.

Осы қасиетті мейрам күндері баршаңыздың ниет еткен тілектеріңіз қабыл болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілейміз. Еліміздің мерейі үстем болып, халқымыздың ауыз бірлігі арта берсін! Құрбан айт мүбәрак болсын!

Ізгі ниетпен, ҚР Ұлттық кітапханасының

директоры Б.Қ.Оспанова

Сайтта

Қазір сайтта 186 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.