+7 (727) 267-28-83

100 лет Мысль 1

Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында  «Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналдың 100 жылдығына арналған «Мысль» журналына – 100 жыл атты көрме ұйымдастырылды.

«Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналы 1920 жылғы қыркүйек айынан бастап шығады. Әр жылдарда «Известия бюро Киркрая», «Красный Казахстан», «Большевик Казахстана», «Коммунист Казахстана», «Партийная жизнь Казахстана» деген атаулармен шықты. 1992 жылы Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін журнал «Мысль» деген атауымен шыға бастады. Онымен тек атауы ғана емес, мазмұны да өзгерді. Жаңа тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мәселелеріне көбірек көңіл бөліне бастады.

Бұл тенденция әсіресе 2006 жылдың басынан бастап күшейе түсті. Қазірде журнал қоғам мен мемлекеттің барлық өзекті мәселелерін ашық, еркін талқылауға арналған кең алаңға айналды. Басылымдар қазіргі заманғы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени процестерді объективті, терең талдаумен ерекшеленеді.

«Мысль» журналы нөмірден нөмірге әдебиеттің, музыканың, халық шығармашылығының озық үлгілерін насихаттай отырып, Қазақстан халқының рухани бірлігінің ұлттық санасын қалыптастыруда әлеуметтік маңызы бар жұмыстар жүргізеді.

Осы уақыт аралығында журналды Ф.А.Савинский, М.Ф.Жуланов, Б.А.Бучкин, А.Хафизов, В.С.Молотов, Ф.П.Боярский, А.М.Логинов, Ф.П.Михайлов, А.И.Артемьев, Г.М.Шестоков, А.С.Қалмырзаев, С.Құттықадам және т.б. басқарды. Мыңнан астам шығарылым, бірнеше ондаған мың материалдар, мақалалар, шолулар, очерктер, үкіметтік қаулылар мен шешімдер жарияланды.

Журналды ұйымдастырушылар мен алғашқы авторлар Қазақстанның көрнекті қайраткерлері, публицистер А.Айтиев, А.Анохин, А.Асылбеков, М.Атаниязов, А.Бочагов, және т.б. болды.

Құрамында белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, ақын Олжас Сүлейменов, ғалым-шығыстанушы Сафар Абдулло, Қазақстан журналистер Академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев және т.б. журналдың редакциялық кеңесі жұмыс істейді.

«Мысль» журналы – біздің еліміздің деректі шежіресі. Қазіргі уақытта басылым тәуелсіз мемлекет пен әлемдік қоғамдастықтың өзекті мәселелерін талқылау алаңы болып қала береді.

Қазіргі таңда «Мысль» журналы ай сайын орыс тілінде шығады және Қазақстанның барлық аймақтарына таралады. Құрылтайшысы және баспагері – «Қазақ газеттері» ЖШС. Журналдың авторлық активтері – ірі саясаткелер, көрнекті қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, ғалымдар, жазушылар. Журнал материалдары көпқырлы қоғамдық пікір палитрасын бейнелейді және оң халықаралық тәжірибені ашады. Журналға шетелдік авторлардың сөйлеген сөздері де жарияланады.

Журнал қазақ тілі, мәдениет, тарих халақтық әдет-ғұрып және салт-дәстүр мәселелеріне көп көңіл бөледі. Журналдың оқырмандары – мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, университет оқытушылары, кәсіпкерлер, белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдар.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан танымал жазушылар мен журналистердің, қоғам және саяси қайраткерлердің кітаптары мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылған.    

     Көрмеге шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 203 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.