+7 (727) 267-28-83

орхон

17 ақпан күні «Орхон» баспа үйінің басшысы Айдосова Жәмила Парсаханқызы өзінің ықыласымен ҚР Ұлттық кітапханасының қорына әлемнің үздік кітаптары аясында жарық көрген Қытай елінің жазушысы Иын Жянлидың «Ақылды ана. Отбасы хрестоматиясы», қытай тілінен аударылған «Таң дәуірі поэзиясы. Үщ жүз өлең», Пәкістандық зерттеуші ғалым Иштиақ Құсайын Құрешидің «Пәкістан үшін күрес» атты құнды кітаптарының бірнеше данасын сыйға тартты.

Бұл кітаптар оқырмандарға барынша жеңіл әрі тартымды аударылған. Әсіресе биылғы жылдың «Балалар әдебиеті жылы» болып жариялануына байланысты Иын Жянлидың «Ақылды ана. Отбасы хрестоматиясы» кітабындағы айтылған ақыл-кеңестер әрбір ата-ана үшін бала тәрбиесінде таптырмайтын құрал. Ал «Таң дәуірі поэзиясы. Үш жүз өлең» атты кітабынан қазақ оқырмандары қытай ақындарының өлеңдерімен толық таныса алады. Ал, «Пәкістан үшін күрес»атты кітапта 19-20 ғасырлардағы Оңтүстік Азия субконтинентінде орын алған саяси оқиғалар, оның ішінде мұсылман қауымының жеке тәуелсіз Пәкістан мемлекетін құру жолындағы күресі баяндалады .

ҚР Ұлттық кітапханасы «Орхон» баспасының ұжымына алғысын айта отырып, аталған кітаптардың оқырман игілігіне айналатынына сенімін білдіреді!

Құрметті бекзат оқырман! Сіздерге жағымды оқу тілейміз!

Сайтта

Қазір сайтта 178 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.