1996 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің шешімімен барлық ғылым саласы бойынша қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың депозитарий болып бекітілген.
Диссертациялар қорында ғылымның барлық саласын қамтитын 70 000-нан астам Қазақстан және ТМД елдері ғалымдарының кандидаттық және докторлық диссертациялардың бірегей ғылыми қоры жинақталған, соның ішінде 37000-нан астамы микропішіндегі диссертациялар. Диссертациялар түпнұсқа, электронды диск және микропішінді түрде сақталады және Қазақстанның ғылыми мұрасы ретінде ерекше қорғалатын құжаттар түріне жатады.
Оқу залында ғылым саласына орасан еңбегі сіңген тұлғаларға немесе елімізде өтетін айтулы іс-шараларға арналған тақырыптық және жаңа түскен диссертациялар басылымдарына көрмелер ұйымдастырылып отырады.
2020 жылы Диссертациялар залына қоғам қайраткері, ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Салық Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай заңгердің есімі берілді. Сонымен қатар, залда С.Зимановтың ғылыми еңбектері мен өмірін мен қызметіне арналған ақпараттық стенд ұйымдастырылған.